Тұмауға қарсы егілу құны 2000 теңге
Тұмауға қарсы егу жұмыстары қарқын алды. Тұрғындар емделудің тәсілдерін іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге көшті. Санитар мамандардың айтуынша, екпе қабылдаушылардың саны жыл санап артып келеді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғындар арасында аурушаңдық 1,5 есеге төмендеген. Тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекциялардың алдын алу шарасы күшейтілді. Республика бойынша 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу басталды. Дертке шалдығу қаңтар мен ақпанда шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Тұмауратпаудың ең тиімді жолы-екпе қабылдау дейді мамандар бірауыздан. Эпидмаусымға емдеу мекемелері сақадай сай отыр. Облыстық қазынадан "Ваксигрипп" дәрісін сатып алуға 29 млн.теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл былтырғымен салыстырғанда, әлдеқайда көп. Өткен жылы халықтың 9,1 пайызы екпе қабылдаған. Нәтижесі- аурушаңдық 1,5 есеге азайған. Тұмауға қарсы егу жұмыстары 1 қарашаға дейін жалғасады. Вакцина балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар мен мүгедектер үйінде тұратындарға, мектеп-интернат тәрбиеленушілері және медицина мекемелерінің қызметкерлеріне тегін жасалады. Ал қала тұрғындары учаскелік емханасынан ақылы түрде егіле алады. Құны - 2000 мен 2200 теңге аралығында. |
Количество показов: 2109
Дата создания: 09.10.2013 18:42:29