Теміржолды кесіп өту-өміріңізге қауіпті! Ақтөбеде осындай атаумен акция өтіп жатыр. Ақтөбе стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бүгін Ақтөбе-Жіңішке өткелінің бойына рейдке шықты. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері темір жолды кесіп өтпек болған мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өңірімізде теміржол бойында болған қайғылы оқиғалардың саны күрт өсіп отыр. Жыл басынан бері шойын жол бойында 4 адам жарақат алып, екеуі қаза тапқан. Қайғылы оқиғалар дәл осы Жіңішке-Ақтөбе өткелінде тіркеліпті. Көлік полицейлерінің айтуынша, қайғылы жағдайларға көбінесе адамдардың теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп. Музыка тыңдаймын деп, құлаққап киіп алатындар, ұялы телефонға үңіліп, пойызды елемейтіндер мен мас адамдар қайғылы жағдайға тап болады.
Теміржолды кез келген жерінен кесіп өтуге болмайды. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткитін пойыз секундына 20-30 метрді өткереді. Сондықтан шойын жолдың бойынан өтіп бара жатқан адамның қайғылы жағдайға ұшырауы әбден мүмкін. Көлік полицейлері "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-на осыдан үш жыл бұрын Ақтөбе-Жіңішке өткеліне қоршау қою туралы ұсыныс жасаған. Екі жыл өтсе де, еш өзгеріс жоқ.
Количество показов: 1711
Дата создания: 30.11.2017 18:52:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>