Таунхаус емес тауық қора. Қарғалы тұрғын үй массивіндегі 3 қатарлы үйлерден тиын-тебенін жиып-теріп пәтер алғандар ызадан жарылғалы отыр. 1-ші ықшам аудандағы №56 К, №57 К үйлер сонда тұрып жатқан адамдардың сөзінше сын көтермейді. Тұрғындар мердігерлерден ең болмаса астаң-кестеңі шығып жатқан осы 2 үйге ортақ ауланы ретке келтіріп беруді талап етіп отыр. Үй құрылысымен "Боско. кз" деген құрылыс фирмасы айналысқан. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы пәтерлі болғандар кілт қолына тимей ұзақ жүрген. Ақпанда үй дайын болады деген соң қаңтарда келісімшартқа қол қойып тастаған. Ал пәтерлерге тек сәуір-мамыр айларында ғана қоныстанған. Үйдің кем-кетігін жүре-бара түзейміз деген құрылысшылардың сөзіне күмәнсіз сенген. Енді жаз бойы солардың жолын тосып отыр. Ал қырдың астында қара көрінбейді.
Шынымен де қарақұрым халық жел қармап қалмаса болғаны. Әйтпесе, жылдар бойы банкке ақша жинап, 30 пайыз алдын ала өтем беріп, қалған сомасын 15-20 жылға айына 50-60 мыңнан ипотекалық несие төлейтін болып қол жеткізген баспаналары бұл. "Нұр Ақтөбе" ауданындағы осы үйлерді күтіп-ұстауға №30-шы басқару компаниясы жауапты. Директор Мәди Маханов ауланы абаттандырумен "Медин" деген ЖШС айналысуы керектігін айтты. Тұрғындардың қалалық құрылыс бөлімі, олардың тапсырысын орындап жатқан мердігер компания басшылығына қояр сауалы көп. Ертең аулада жиын өтуі керек.
Количество показов: 1260
Дата создания: 16.08.2018 19:33:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>