Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубын сатып алды
Жаңа орынға отырған ардагер футболшыға бірнеше талап қойылады. Оның міндеттеріне клубтың Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамасыз ету, 673 млн теңгеден асып кеткен қарыздарын жабу және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту кіреді. "Ақтөбе" клубын тендер арқылы сатып алуға жалғыз адам қатысқан. Клубтың бастапқы құны 100 миллион теңге, кепілдік салым - 15 миллион, ал сатылым бағасы - 108 миллион болды. Смақов жыл басында "Ақтөбенің" бас директоры қызметіне келген еді. Клубты сенімгерлік түрде басқаратын Самат Смақовтың жоспарлары өте көп. Алдағы жылға ойыншыларды жинақтау, бірнеше жылға келісім-шартқа келген футболшылармен жалақы жағын пысықтау, алыс-жақын шетелдерде жаттығу жиындарын өткізу секілді клубтың ішкі жұмыстары бар. Бұдан бөлек футбол клубының қордаланып қалған қарыздары тағы бар. Әйткенмен, Самат Смақов бұл проблемалар өзіне таңсық емес екенін айтып, ақтөбеліктерді "жағдайы көңіл жұбатарлық" клубты жандандырамын деп сендірді. Футбол клубынан жағымды жаңалықтар күтеміз.
Количество показов: 1402
Дата создания: 21.11.2018 18:55:44