Өсімдік майын шығаратын зауытта бір адам қаза болды
Адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаның себебі дәрігерлердің қорытындысынан соң анықталуы тиіс. Кеше жасы 40-қа жақындаған инженер-эколог зауыт аумағында жұмысты бақылап жүріп, арада 5 минут өткен соң есінен танып қалған. Сол сәтте оны тағы үш жұмысшы құтқару үшін жан ұшыра жүгіріп, оны сыртқа алып шыққан. Олар да уланған, бірақ, естерінен танып, құламаған. Қазір біреуі ауруханада. Науқас жансақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. Ал өзге үшеуі жағдайымыз жақсы деп, ауруханаға жатудан бас тартқан. Ауруханаға түскен науқастың сөзіне сенсек, жұмысшылар күкіртті сутектен уланған. Өндіріс кезінде түзілген қалдық тазартылған соң кәріз құбырына төгілуі тиіс болған. Сол аралықта қандай да бір қателік кетуі мүмкін. Қазір осы дерек бойынша арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.
Количество показов: 1526
Дата создания: 24.05.2017 19:27:14