Пробация қызметінде есепте тұрғандар шағын несие ала алады
Болашақ кәсіпкерлерді несиелеріндіру "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында жүзеге асырылады. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдерінің сөзінше, бизнесті дамыту үшін берілетін несиенің құны 15 млн. теңгеден аспайды. Жылдық төлемі 6 пайыз. Шағын несие алғысы келетіндер кепіл зат қоюлары қажет. Жыл басынан бері шағын несие алу мүмкіндіктерін қарастыру үшін 1 млрд. 900 млн. теңге көлемінде 200-ден көп ақтөбелікке жолдама берілген. 80-нен астам қала тұрғыны несие алған. Олар шаштараз, көлік жөндеу орталығы, стоматологиялық кабинет, асхана, балабақша ашқан. Пробация қызметінде есепте тұрғандар да қызығушылықтарын білдіріп, мамандардан кеңес алды. Жыл басынан бері қалалық пробация қызметінде есепте тұрғандардың 114-і жұмыспен қамтылған. Тіпті, былтыр біреуі ірі қара мал өсіру үшін 9,7 млн. теңге көлемінде несие алып, шаруасын бастаған.
Количество показов: 1411
Дата создания: 23.11.2018 18:51:45