Ойылда жүзге тарта ірі қарадан бруцеллез анықталды
Ойыл ауданында ірі қара малдардан бруцеллез анықталды. Саралжын мен Шығанақ Берсиев ауылдық округтерінде шектеу шаралары жарияланды. Берсиев селолық округіне қарасты Қаратал ауылында 68 бас, Саралжынның орталығы Кемер ауылынан 21 бас ірі қара ауруға шалдыққан. Ойыл ауданындағы ауылдарда шектеу шаралары тек сиыр малына ғана қолданылып жатыр. Қалған малдарын тұрғындар жайылымға жібере алады. Әр 15 күн сайын жануарлардан қан алынып, тексеріледі. Сарып ауруы анықталған түліктерін ауылдағылар арзан ақшаға өткізуге мәжбүр. Қыс бойғы еңбектері ақталмаса да ауру малдан тез құтылсақ дейді. Ал, бруцеллез жұқтырған малдар үшін ауыл тұрғындарына өтемақы төленеді деп сендірді мамандар. Ірі қараның салмағына қарай есептелетін өтемақының 30% мөлшері мемлекеттен, қалған 70 пайызы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу ұйымдарынан төленеді. Бұл үшін бюджеттен 87 млн. теңге қарастырылған. Дегенмен, ойылдықтардың қаншасының өтемақы алып- алмағаны белгісіз. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының сөзінше, төрт түліктің бруцеллезге шалдығуына тұрғындардың өздері кінәлі. Қан алып, тексеру жүргізген кезде мал басын түгел көрсетпейді екен. Мұны Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева да растады. "Ветеринариялық ереже мүлдем сақталмайды" деген ол ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аурудың алдын алу шараларын ветеринар мамандар жақсы атқарып отырғанын қайта-қайта айтып ақталды.
Былтыр аймақта 580 мыңға жуық мал тексерілген. Ал, жыл басынан бері облыста 47 мыңнан астам ірі қарадан қан сынамасы алынып, 300-інен сарып ауруы анықталды. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мәліметінше, биыл Темір, Мәртөк, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында бруцеллез ауруының пайда болуы байқалған. Қазір Ақтөбеде сарып ауруы бойынша 14 қолайсыз пункт бар. Былтыр дәл осы уақытта мүйізді ірі қара мен ұсақ жандық бойынша 20 қолайсыз пункт тіркелген.
Количество показов: 1921
Дата создания: 14.02.2018 19:34:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>