Орынборда 24 жыл бұрын үш адамды өлтіріп, мәйітін көміп кеткен ер адам Ақтөбеден ұсталды
Ақтөбелік полицейлер Ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады. Қазір 56 жастағы шетел азаматы қамауда отыр. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.Аймақта "Іздестіру-ТМД 2023" атты профилактикалық шара өтуде. Шара барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өз елінде 3 адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады. Ол 1999 жылы Орынбор қаласында үш адамды өлтіріп, мәйітерін көміп тастаған. 24 жыл бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Количество показов: 559
Дата создания: 21.09.2023 01:40:13