Облыс прокурорлары биылдыққа 9 мың бизнесменнің құқығын қорғаған
Кәсіпкерлердің құқығы басты назарда. Бүгін облыс прокурорлары "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп, брифинг өткізді. Жиынға арқау болған тақырып-кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған шаралар. Соңғы уақытта кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіруге байланысты қылмыстық және әкімшілік істер азайған. Мамандардың айтуынша, бұған себеп-мониторингтік топтар мен прокуратураның қызметі. Өңірімізде кәсіпкерлердің адал еңбек, маңдай терімен тапқан нәпақасына ортақтасатындар, оның құқығын елемейтіндер көбейіп тұр. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан заңсыз тексерулер, бизнесмендердің мүлкін тәркілеу немесе жосықсыз айыппұл салу жойылар емес . Ақтөбелік кәсіпкерлер үшін басты кедергілер осы. Биылдың өзінде облыс бойынша прокурорлар 9000 бизнесменнің құқығын қорғаған. Шағын және орта бизнес өкілдерінің пайдасына 9 млн.теңге қайтарылды. Ақтөбеде әкімшілік қызметкері, прокурор мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мамандарынан құралған мобильдік топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс бойынша 200- ден астам шағым түскен. Дені- мемлекеттік сатып алу саласына, жер және салық заңнамасына қатысты. Сондай-ақ, бизнесмендер сотқа дейінгі өндірісті тоқтату туралы шешімдерді және полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерін даулаған.
Айта кетейік, прокуратура мен "Атамекен" кәсiпкерлер палатасы арасында қол қойылған өзара әрiптестiк туралы меморандум бар. Келісімшарт аясында осы бағыттағы жұмыстар әлі жалғаспақ.
Количество показов: 388
Дата создания: 27.05.2022 00:05:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>