Облыс әкімі жастарға сын айтты
Өңірімізде науқаншыл, ұраншыл жастар көбейіп бара жатыр. Жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар мектеп оқушылары мен студенттерді әуелі адамгершілікке шақырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, дарынды, өнерлі жастарды тәрбиелеу үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Жиында сөз алған өңір басшысы хиджап киіп, бүркеніп жүретін жастарды сынға алды. "Жастары белсенді елдің болашағы жарқын". Бұл бүгінгі өткен жастар кеңесінің атауы. Оған 200-ге жуық жас қатысты. Арасында оқуда озаттар, ғылыми жобалардың авторлары мен спортшылар бар. Сонымен қатар, облыс әкімінің грантын алған 87 үздік студент те шақырылған. Шара барысында жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып, жастардың әлеуметтік, құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, қатарластарын отансүйгіштік пен адамгершілікке шақырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген азаматтар марапатталды. Кеңестің өтуіне облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болған. Өңірімізде 208 мыңнан астам жас бар. Оның 51 мыңы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алады. Өңірімізде 69 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді.
Количество показов: 1681
Дата создания: 05.09.2018 18:33:49