Оқушылар тың жобаларын қорғады
Балалар сегіз түрлі секцияға бөлінген. Қиялдарында шек жоқ. Бірі "Электр энергиясы алаңы" макетін жасаса, екіншілері қаланы табиғи азық-түлікпен қамтудың жобасын дайындаған. Мектеп немесе үй ауласын абаттандырудың үлгісін көрсеткен. Арасында іске асыруға болатын бастамалар жетерлік. Байқау мақсатына жетті. Балалар оған дайындық кезінде осы жазда Астанада өтетін "Экспо" көрмесімен танысты, мағлұмат алды. Осындай жобаларды жасау арқылы әлемдік шараға өзіндік үлесін қосты. 200-ден астам жобаның ішінен үздігін анықтау қазылар алқасы үшін қиын болды. Жобалар байқауының жеңімпаздары тоғыз аталым бойынша анықталды. Оның ішінде "Үздік экологиялық десант", "Жас табиғат қорғаушылары", "Жас инноваторлардың жасыл идеялары" секілді номинациялар бар. Үздіктер дипломдармен марапатталды
Количество показов: 2047
Дата создания: 27.04.2017 18:54:56