700 мың теңге жалақы алатын департамент басшысы жемқорлық жасамауы қажет. Бүгін облыс активінің жиынына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. Жаңа бонустық жүйемен департамент басшысының жалақысы 700 мың теңге болады. Ал қатардағы мемлекеттік қызметкердің өзі халқы үшін аянбай тер төксе, адал еңбегінің бағасы айына 400-500 мың теңгеге дейін өседі. Жарты миллион, миллион теңгеге жуық жалақысы бар адам пара алмауы қажет. Бірінші басшыларға штат санын қысқартып, әкімшілік шығындарды азайту құқығы беріледі. Мақсатсыз шығындарды болдырмау арқасында үнемделген қаржымен қол астындағы қызметкерлерінің жалақысын өсіре алады.
Қағазбастылықтан арылу да жемқорлықпен күрестің бір жолы. Электрондық қызмет көрсету 2017-ші жылы облыста 22 пайыз болса, қазір 82 пайызға жеткен. Сонда да елді мекендерде ғаламтор проблемасы әлі бар. Облыс орталығының өзінде мектеп, емхана секілді әлеуметтік нысандарда ғаламтор жылдамдығы бәсең. Аймақ басшысы әр саладағы күрделі мәселелермен бөлісті. Денсаулық саласы бойынша мысалы, баласына екпе салдыртудан бас тартқан ата-аналармен күрес нәтижесіз екенін айтты. Моральдық тұрғыдан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда ата-аналарды міндеттейтін заң болмаса, бәрі бекер.
Количество показов: 1169
Дата создания: 21.12.2018 19:05:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>