Мектептерде алғашқы қоңырау соғылды
Класта 19 компьютер бар. Мұғалім басқару компьютері арқылы бір мезетте барлық оқушының жұмысын қадағалап отыра алады. Мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, тіл дамыту зертханасын сыйға тартқан кәсіпкер 25 жыл бұрын осы білім ордасынан түлеп ұшқан. Оған қоса химия пәніне қажетті құралдармен жабдықтап, арнайы зертхана да жасап берген. Кәсіпкер биылғы мектеп түлектерінің ішінен ең үздік деп танылған оқушыға ТМД елдеріндегі кез-келген оқу орнына грант тағайындады. Сондай-ақ, жыл соңында мектептегі үздік оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады. Аймақ басшысы №32 мектеп-гимназиясына да барды. Олар үшін бүгін ерекше күн. 1989 жылы іргетасы қаланған білім ордасы 1991 жылы алғашқы қазақ гимназиясы атанған. Облыстағы 417 білім ордасында 130 мың оқушы білім алады. 16 мың бүлдіршін биыл мектеп табалдырығын аттады. №32 мектеп-гимназиясында жиналғандарды құттықтаған Бердібек Сапарбаев кейін жоғары класс оқушыларына "Мен елімнің патриотымын" тақырыбында дәріс өткізді.
Количество показов: 2012
Дата создания: 01.09.2016 18:22:13