Мектептегі дау
Мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары мен мектеп инспекторы 22 қыркүйек күні тәрбиелік шаралар ұйымдастырған. Шара барысында алдымен мектеп оқушыларының мектеп формасы тексерілген. Сол күні мектеп формасын киіп келмеген оқушылар мектеп инспекторының назарына ілігіп, ескерту алған. Нәтижесінде 10 класс оқушысы мен тәртіпті қадағалаған маман арасында түсініспеушілік туындаған. 22 жастағы жас маман жаңа оқу жылының басында Елек полиция бөлімінен осы мектепке жіберілген. Алайда қызметі ұзаққа созылмады. Келеңсіз оқиға болған күні әлеуметтік желілерде талқыға түсіп, түрлі пікірлерге ілікті. Оқушы мойнындағы қызарып қалған жарақатты әлеуметтік желіде жариялады. Инспектор электрошокер қолданды деп айыпталды. Дегенмен бұл ақпарат расталмады. Мектептегі бұл оқиға ата-аналарды әбігерге салған. Олардың бірі инспектордың әрекетін даттаса, бірі қоғамға кінә артты. Жасөспірім қазір сабақта жүр. Оның денсаулығы жақсы. Ал, жас инспектор мектептен шеттетілгенімен өз саласындағы қызметін жалғастыра береді.
Количество показов: 1188
Дата создания: 26.09.2018 19:07:15