Мәжіліс депутаттары хромтаулықтармен кездесті
Аудан тұрғындарының депутаттарға айтары көп. Ақжар елді мекенінің тұрғындары "Салық" кодексіне енгізілген өзгерістер жайлы сұраса, Көктау ауылының тұрғындары әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Мәселен, ауылдың жолы сын көтермейді, халық ішіп отырған ауыз судың құрамы таза емес. Осыдан 47 жыл бұрын Көктау елді мекенінде салынған орта мектеп құлағалы тұр. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмай отыр. 4 айдан бері инсулинге қол жеткізе алмай отырған науқастар бар. Депутаттар тұрғындардың мәселесін шешіп беруге уәде берді. Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин мен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Дариға Исмағамбетоваға аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Кейін мәжіліс депутаттары Ақтөбе мыс компаниясын аралап, жұмысшылармен кездесті. Қазір мұнда 1500 адам жұмыс істейді. 1500 жұмысшының 60 пайызы Хромтау ауданының тұрғындары. Кәсіпорынның құрамына екі байыту фабрикасы, "Қазанның 50 жылдығы" мен "Приорское" кен орындарындағы екі карьер кіреді. Өнімін Ресей мен Қытайға сатып отырған кәсіпорын жұмысшыларының құқығы қорғалмаған. Мұнда кәсіподақ жоқ.
Количество показов: 1168
Дата создания: 02.04.2018 19:26:56