Мұқтаждарға көмек көрсетілді
52 жастағы Айман Мұсайымованың тұрмысы төмен. Жалғызбасты ана аула сыпырып күн көріп отыр. Айлығы 35 мың теңге. Оның 25 мыңына пәтер жалдап тұрады. Баласының миы зақымданған, эпилепсия диагнозы қойылғанымен, мүгедектік ала алмай жүр. Себебі тұрғылықты мекен-жайы жоқ. Бүгін оған облыстық "Қызыл Ай" қоғамы азық-түлік берді. Қайырымдылық шараға демеушілер қаржылай қолдау жасаған. Азық-түлік осы ақшаға алынып отыр. Бүгін қолдауға ие болғандардың барлығы дерлік көп балалы, асыраушысын айырылған, әлеуметтік аз қамтылған жанұялар. Олар көрсетілген көмекке алғыс білдірді.
Количество показов: 1713
Дата создания: 19.03.2018 18:31:31