Мәртөк ауданында замануи сүт фермасы салынып жатыр
Қазір фермада мың сауын сиыр бар. Мұнда жылына 12 664 тонна сүт өндіріледі. Өндірісті кеңейтудің бірінші кезеңінде сүт-тауарлы ферма салу және сауын сиырлардың санын 800 басқа дейін арттыру жоспарланып отыр. Құрылыс аяқталуға жақын. Жобаның құны 5,3 млрд. теңге, оның ішінде 3,2 млрд.теңгесі - қарыз қаражаты. Бұл қаржыға құрылыс жұмыстарынан бөлек, сауу қондырғысы мен 800 бас ірі қара мал сатып алынбақ. Нысан 2024 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Облыс әкімі Мәртөк ауданы бойынша жұмыс сапары барысында мектеп құрылысын тексерді. Қазіргі уақытта "Норис и К" ЖШС мердігерлік ұйымы Сыртқы қабырғаны кірпішпен қаптау жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша мектеп биыл тапсырылуы тиіс. Жобаның құны 3,61 млрд теңгені құрады.Количество показов: 185
Дата создания: 11.10.2024 07:37:14