Кітапханада co-working орталығы ашылды
Коворкинг орталығы заманауи құралдармен жабдықталған. Кітапхана оқырмандарының демалуына барлық жағдай жасалған. Кітап оқып, компьютерлерді де тегін пайдалана алады. Ғаламтор желісіне қосылған. Қажетті техника, кітаптарды онлайн оқуға арналған QR-код қарастырылған. Орталықты жабдықтау дизайны да ерекше. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай орталықтар жастардың кітап оқуға деген құштарлығын оятады. Облыста бұған дейін дәл осындай 6 орталық ашылды. Өңірде 230-дан астам мемлекеттік кітапхана бар. Алдағы уақытта барлық аудандағы елді-мекендерде коворкинг орталығын ашу жоспарланған. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның сөзінше, орталықтар ашуға алда бюджеттен қаржы қарастырылуы мүмкін.
Количество показов: 1525
Дата создания: 27.12.2018 19:11:47