Кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов Ақтөбеде
Бақтияр Эюбов та осы балалар секілді 14 жасында бокспен шұғылдануға келді. Жөндеу жүріп жатқан, ескі зал әлі есінде. 15 жасында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Содан бері былғары қолғабын шешкен емес. 17 жылда біраз белесті бағындырды. "Оқ" деген лақап аты бар боксшы Ақтөбеге демалуға әрі туыстарын көруге келген. Қазір АҚШ-та тұрады. Кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 13-і нокаут. Ол Қазақстанның спорт шебері. 81 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Бақтияр бүгін өзі жаттыққан залда ізбасарларына білгенін айтып, кеңес берді. Алғашқы жаттығуы, жетістікке жету жолындағы қиындықтар туралы айтып берді. Кездесу соңында балалар чемпионмен бірге суретке түсті.
Количество показов: 1289
Дата создания: 12.09.2018 19:01:20