ЭКОЛОГ: АҚТӨБЕЛІК БЕЛСЕНДІЛЕР ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ
16-қыркүйек халықаралық тазалық күні. Осыға орай халық қалаулылары мен экологтар Елек өзенінің жағалауын тазалады. Экологиялық акция барысында олар 20 тонна қоқыс шығарып үлгерді. Бұл шараға еріктілер де атсалысты.Өзен жағалауын тазалауға кірісіп кеткен бұл топқа нөсерлетіп жауып тұрған жаңбыр да кедергі бола алған жоқ. Екі сағаттың ішінде олар 20 тонна қалдық заттарды жинап үлгерді. Халықаралық тазалық күні 200 ден астам адам Елек өзені маңын күл-қоқыстан тазартуға шықты.Ала жаздай Елек өзенінің маңына демалуға келген қалалықтар тазалыққа көңіл бөлмейтін болған. Тамақ қалдықтары, пластикалық ыдыстар мен бос қораптардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қала тазалығы бәріміз үшін ортақ іс. Сондықтан бұл мәселеге барлығымыз да бей-жай қарамауымыз керек дейді эколог мамандар. Халықаралық тазалық күніне орай ұйымдастырылған шараға қалалық мәслихат депутаттарына волонтерлік топ мүшелері өз еріктерімен қосылыпты. Шараны ұйымдастырушылар мақсат-жұртшылықтың назарын қоршаған ортаны ластау мәселесіне аудару, деп отыр. Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен сенбілік экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады дейді еріктілер.
Количество показов: 488
Дата создания: 19.09.2023 05:45:07