ҰБТ бойынша облыстағы орташа балл - 85,6
Биыл өңірде 10-ға жуық мектеп жабылуы мүмкін. Ауылдық жерлерден халықтың жаппай көшуіне байланысты оқушылар саны өте аз білім мекемелері жұмыстарын тоқтатады. Қатарында Қарғалы, Мәртөк аудандарының мектептері бар. Қазір аудан орталықтарының барлығында мектеп-интернаттар салынып жатыр. Баспасөз мәслихаты кезінде 17-маусымда пышақ жарақатынан көз жұмған түлек туралы сауал қойылды. 15-маусымда қолдарына аттестаттарын алған түлектердің бірі қазір күдікті ретінде қамауда. Ләззат Оразбаеваның сөзінше, бүгінде мектеп оқушыларына қатысты бақылау күшейтілген. Жазғы каникулда білім мекемелерінің қызметкерлері ата-аналармен бірге өз оқушыларының басқан қадамдарын бақылап отырады. Тәртіп сақшылары да түнгі рейдтер жүргізуді жалғастырады.
Количество показов: 1119
Дата создания: 29.06.2018 18:48:10