"Бастау бизнес" жобасы бойынша биылға кәсіпкерлікке оқу курстары аяқталды
Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Қымбат Сағызбаева да бүгін бір ай дайындаған жобасын қорғады. Ол массаж жасайтын орталық ашқысы келеді. Алдын-ала есебі бойынша құрал-жабдықтарды сатып алу үшін және жалдап отырған бөлмені жөндеп, кеңейтуге 1 миллион теңге керек. "Бастау бизнес" курсында Қымбат салықтық төлем, бухгалтерлік есеп жүргізу, кәсіпкерліктің өзге де талаптарын үйренді. "Бастау бизнес" ауыл тұрғындарына арналған жоба болғандықтан, бизнес-жоспарлардың 80 пайызы ауылшаруашылығы саласына қатысты. Бүгінге дейін 500 миллион теңгенің 190 жобасы қаржыландырылған. Жобаға қатысушылар 1,5 миллионнан 4,5 миллион теңгеге дейінгі қаражатты алты пайыздық несиемен алады.
Количество показов: 1388
Дата создания: 15.11.2017 18:36:22