Ақтөбеде енді "Баспасөз үйі" бар. Рысқұлов көшесіндегі бұрынғы баспахана бүгін "Баспасөз үйі" болып ашылды. Мұнда "Ақтөбе медиа" ЖШС-іне қарасты бірнеше газет, журнал, сайт редакиялары орналасқан. Нысанның салтанатпен ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ардагер, елге танымал журналистер мен ақтөбеліктер қатысты.Баспасөз үйі 4 қабаттан тұрады. Ғимаратты жаңартуға 200 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Облыс басшысының сөзінше, әлі де аяқталмаған жұмыстар бар. Мұнда алғаш болып "Актюбинский вестник" газетінің 100 жылдық мерейтойы тойланды. Ғасыр жасаған басылымның арнайы мұражайы да бар. Онда 20-ғасырдың 50- жылдары журналистер тұтынған кең профильді жазу машинкалары, ескі телефондар мен Актюбинский вестник газетінің әр жылдағы басылымдары қойылған. Журналистердің жетістіктері де мұражайда тұр. Мерейтойға елдегі танымал журналистер мен өңірдегі газет-телевидение иелері де шақырылған. Қонақтар баспасөз үйін аралап көрді. Редакциялардан бөлек мұнда баспасөз залы да бар. Өңірлік коммуникация орталығы жаңа ғимараттан орын алған.
Облыстық саяси-қоғамдық газеттің көтеретін тақырыбы сан алуан. "АВ" газеті облыстағы ғана емес, республикадағы ресми басылымдардың ішіндегі тамаша шығарылымдардың бірі. Ардагер ұстаздар осылай деп бағалайды. Баспасөздің дамуы, рейтингінің жақсы болуы редакторға байланысты. 1 ғасыр тарихы бар газет ұжымында қазір жастар да, ардагер журналистер де қатар қызмет етіп жүр. Мерейтой кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі үздік журналистерді марапаттады. "Актюбинский вестник" журналистері Мирал Жалмұхамедов пен Ләззат Игібаева "Ақпарат саласының үздіктері" атанды.
Количество показов: 1313
Дата создания: 30.11.2018 19:36:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>