Бүгін елімізде жол ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұлды азайтатын Заң күшіне енді. Өзгертілген жаңа заңда жиырмадан аса айыппұл түрінің көлемі қысқартылған. Ескі заң бойынша жылдамдықты сағатына 10 километрден 20 километрге дейін асырғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынса, бүгіннен бастап айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке дейін қысқартылды. Ал, «жол қиылысы мен торабынан өту ережесін бұзғаны» үшін айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен 3 АЕК-ке дейін азайды. Бүгінге дейін 22 690 теңге төлеп келген көлік жүргізушілері енді 6807 теңге айыппұл төлейді. Бұған дейін жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айырылса, жаңа заңда бұл мерзім алты айға дейін қысқартылды. Ал, 1 айлық есептік көрсеткіш көлемі қазір 2269 теңге.
Прокурорлар елде тұрғындардың табысы азайғанын, ал кейбір айыппұл көлемі соңғы 15 жылда бірнеше есеге көбейтілгенін айтып, өткен жылы айыппұл көлемін азайтуды ұсынған болатын. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде» әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелеттік жасқа толмағандарға салынатын айыппұлдардың да мөлшері қысқартылған. Оған қоса, сот материалдарын даярлап, құқық бұзушылық жасаған адамды мәжбүрлі түрде сотқа жеткізу үшін тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдететін де баптар бар.
Количество показов: 1399
Дата создания: 09.01.2018 19:20:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>