Автобустардағы жылжымалы пандустар қайда кеткен?
Өткен жылдың маусымында қаламыздағы жолаушылар автокөлік кәсіпорыны су жаңа 70 автобуспен толыққан еді. Елде шығарылған экологиялық таза автобустарды қала тұрғындарына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көрсеткен еді. Мүгедектер үшін ыңғайлы жылжымалы пандусы бар жолаушылар көлігін мақтанышпен таныстырды. Осы жылжымалы пандустың бүгінгі тексеру кезінде біреуі де жоқ болып шықты. Алынып тасталған. Ал, Шаһан Жолдасбаев жылжымалы пандустардың неліктен алынғанын білемін дейді. Оның ойынша, арбаға таңылған мүгедектер автобустардың уақытын алып, жолын бөгейтіндіктен жылжымалы пандустарды алып тастаған. Бірақ, автобусқа арбамен міну үшін бар-жоғы 2 минут уақыт қажет дейді. Шаһанның сөзінше, бір жылжымалы пандустың құны 1,5 млн. теңге тұрады. Ал, былтыр мұндай көтерілгіш құралы бар 70 автобус сатып алынған болатын. Демек, оларды пандуспен жабдықтау үшін шамамен 100 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бүгінде автобустардың қаншасында пандустың бар-жоғы белгісіз. Ал, шаһардағы жолаушылар тасымалына жауапты қос мекемеге қоғамдық бақылау тобы 1 ай бұрын тексеру жүретіндігі туралы ескерту жасаған.
Количество показов: 990
Дата создания: 16.01.2019 11:27:16