Қару тапсырып, сыйақы ал!
Әкімшілік полиция басқармасы қызметтік және азаматтық қаруды бақылау бөлімінің аға инспекторы Жасұлан Жалғасбаевтың айтуынша, халықтан қару сатып алу үшін биыл біздің облысқа 5 миллион теңге бөлінген. Құны 3 миллион теңгенің қаруы жиналып болды. Халықтың осыншалықты белсенді болғаны тәртіп сақшыларын таңқалдырып отыр. 16 калибрлі мылтықтар шамамен 50 мың теңгеге бағаланып жатыр. Тұрғындардың сыйақысы мамыр айында төленеді. Ал, акция қаржы таусылғанша жалғасады. Халықтан жиналған қару-жарақ кейін арнайы пештерде балқытылады.
Количество показов: 1190
Дата создания: 17.04.2018 18:53:40