Арбат көлік кептелісіне себеп
Қалада кептеліс көбейді. Әсіресе жұмысқа келер шақ пен қайтатын мезгілдерде. Бағдаршамға бағынбайтын жолдар, көпірасты қосалқы жолдар салынса да кептелісті жою мүмкін болмай тұр.
Тағы бір ұзыннан шұбақ кептеліске себеп болып тұрған - орталық стадион алдынан облыстық әкімдікке дейін жалғасатын Арбат жобасы. Жаяу серуендеуге арналған жолдың салынуына байланысты бұдан былай Әбілқайыр хан даңғылына қосалқы жолдармен тіке шығуға болмайды. Арбат салынғалы екі сауда орталығынан тура шығатын қысқа жолдарды бөгеп тастаған. Бұрын Маресьев көшесінен келген көліктер екі ірі сауда орындары жағынан Әбілқайыр хан даңғылына түсетін. Осылайша құрылысы бітпей жатып Арбат жобасы жүргізушілер тарапынан наразылыққа ұшырады.Көліктер бұл жерлерге кеспе тастар төселіп жатқандықтан кіре алмай жүр. Ал, ебін тапқан жүргізушілер онсыз да көліктен арылмайтын облыстық әкімдіктің айналасындағы көлік тұрағына темір тұлпарын қаңтарып кетіп, жағдайды қиындатқан. Арбат жобасының жалпы аумағы 30 мың шаршы метр. Оның 22 мыңына жаяу жүргіншілерге арналған түрлі-түсті кеспе тастар төселеді.
Количество показов: 1026
Дата создания: 02.10.2018 19:52:35