Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов пәтер иелері кооперативі, кондоминиум басшыларын жинап, оларды қоғамдық тәртіпті бірлесе қадағалауға шақырды. Қаланы екі мыңға жуық сандық бейнекамера арқылы бақылап-басқару көзделіп отыр. "Смарт-Сити Ақтөбе" жобасын қала әкімдігі жергілікті полиция қызметімен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асырады. 1900 бейнекамера адам көп шоғырланатын орындар мен лаңкестік қауіптілігі жоғары нысандар маңына орнатылады. Қалада осындай 579 орын анықталған. Камералардан белгілер облыстық ІІД-дегі шұғыл басқару және дағдарыс орталықтарына түсіп отырады. Былтыр 363 пәтер бақылауға алынса, биылдыққа 930 пәтер бейнекамераның назарында. Қалалық әкімдікпен бірлескен "Қауіпсіз қала" жобасы жүзеге асырылып жатыр. 260 камера орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзір. 1 миллиард 975 миллион теңге қарастырылған. 42 камера орнатуға соның 243 миллион теңгесі аударылған.
Облыста жасалатын қылмыстың 62 пайызы ұрлық, тонау. Соның ішінде автокөліктерді тонау, пәтер тонау деректері жиілеп кеткен. Жыл басынан бері қалада біреудің мүлкін иемденуге қатысты 5 мыңға жуық қылмыстық дерек тіркелді.
Количество показов: 1276
Дата создания: 22.11.2017 18:36:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>