Қалаға 2019 млн теңгенің дәрісі жеткізілді
Бөлінген қаражатқа дәрі-дәрмек шығаратын зауыт пен ірі тасымалдаушы компания препараттарды жеткізіп қана қоймай оның үстемақысын бөлшек саудада 10 пайыздан асырмауы керек. "Новокаин" - 285 теңге, "Цефтазидим-АКОС" - 495 теңге, "Парацетамол" суспензиясы - 500 теңге, "Ацикловир" таблеткалары 180 теңгеден сатылады. Дәрі-дәрмектердің құнын тұрақтандыру үшін облыс әкімдігі, кәсіпкерлер палатасы мен "Қамқор Company LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшжақты меморандумға қол қойған. Аптаның соңына дейін тағы бір партия дәрі-дәрмек жеткізілмек. Бағаның тұрақтылығын арнайы комиссия бақылауда ұстайды. Дәрі-дәрмекке демеушілердің көмегімен 500 миллион теңге бөлінді. Оның 219 миллионы "Қамқор-Қазына" компаниясына, ал 75 миллион теңге дәрі-дәрмек шығаратын зауытқа бір ай мерзімге, пайызсыз берілген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мониторингтік топ қаладағы төрт дәріхананың дәрі бағасын көтергенін анықтады. Ал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамені бұдан былай 94 дәріханада дәрілік заттардың 41 түріне апта сайын мониторинг жүргізеді. Облыста 367 дәріхана болса, оның 277-сі қалада.
Количество показов: 210
Дата создания: 16.07.2020 16:48:44