Ақтөбенің ауасында көміртек тотығы көп
Жиынға Біріккен ұлттар ұйымының "Даму" бағдарламасының өкілдері, қаладағы коммуналдық кәсіпорындар, басқарушы компания өкілдері қатысты. Шара "Жаһандық Экологиялық Қордың " қолдауымен ұйымдастырылды. Жиын барысында төмен көміртекті кәсіпорындар, зауыттар салу, климатты өзгерту мәселесі талқыланды. Мамандардың айтуынша, тұрғын үй шаруашылығы мен қалаларды жылумен қамтудың үздік жүйелері бар. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің инновациялық қызмет түрлері бар. Автокөлік қозғалысы кезінде де көміртек бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әркеттесіп, организмді улайды. Сондықтан ауадағы улы қалдықтарды азайту өзекті мәселе болып отыр. Жиынға қатысқан мамандар, қаладағы ауа құрамын зерттеп, ауа құрамын тазарту жолдарын қала әкіміне жолдамақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде сегіз адамның бірі лас ауаның кесірінен қайтыс болады. Ауаның ластануына байланысты жүректің ишемиялық аурулары мен инсульт, өкпе рагіне шалдыққандар бар.
Количество показов: 2196
Дата создания: 25.08.2017 18:12:30