Ақтөбеліктер қыспен қоштасу мерекесін тойлады
Славян халқының нанымы бойынша масленица сондай-ақ, жасаған қателіктері үшін кешірім сұрап, татуласуға үндейтін күн. Аулаға жиналған тұрғындар бір-бірінен кешірім сұрап жатты. Масленица мерекесі белгілі бір кезеңге негізделмеген. Славян халықтары оны пасхаға 56 күн қалғанда тойлай бастайды. Сондай-ақ, мерекенің соңғы жексенбісі-кешірім сұрау күні деп аталады. Бұл күні жақындарынан кешірім сұрап, араздасып жүрген адамдар татуласуы тиіс. Әсем ән де, ұлттық киімдер киген аула тұрғындары да бұл күннің шырайын келтіре түсті. Ал мерекенің соңында жиналған қауым шөптен жасалған тұлыпты өртеп, ызғарлы қыспен қоштасты.
Количество показов: 1252
Дата создания: 19.02.2018 19:07:41