Ақтөбеліктер арзан картоп таппай дал
Елде картоп бағасының сауда үстемесін 15 пайыздан арттырған 50-ге жуық заң бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына сауда үстемесін бақылау үшін 20 аймақтық комиссия ұйымдастырылған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Ал, картоп бағасы өткен аптада күрт өсіп, енді тұрақтала бастады. Сауда комитеті мониторингі бойынша, қазір елдегі картоптың орташа бағасы - 322 теңге. Әлеуметтік дүкендерде көкөніс жеткілікті, нарықтағы бағадан төмен саудалануда. Алайда, шаһардағы ірі супермаркеттерде картоп жоқ. Динада қалған-құтқан картоптың келісі 388 теңгеден сатылып жатыр. Ал қарапайым дүкендерде көкөніс келісі 350 теңгеден. Сауда және интеграция министрлігі аймақтардың тұрақтандыру қорларындағы картоптар сатылып жатыр дейді. Өткен жылдың желтоқсанынан 19-қаңтарға дейін 85 мың тоннадан астам картоптың 23,6 мың тоннасы сатылған. Бүгінде қорларда 62 мың тонна картоп бар екен. Ақтөбедегеі қорда екі күн бұрын 1420 тонна картоп қалды деп мәлімдеген еді мамандар. Күніне 7 тонна картоп Табыс әлеуметтік дүкендеріне жеткізіледі. Ал аптасына 22-25 тонна көкөніс ірі супермаркеттерге жіберіледі. "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аймақ орталығындағы картоп жайында ақпаратты ертең беретіндерін айтты.Количество показов: 532
Дата создания: 23.01.2025 09:14:35