Ақтөбелік балғындар баскетболдан ел чемпионы
Ақтөбелік жасөспірімдер Алматы қаласында өткен баскетболдан жүлделі бірінші орынды иеленіп қайтты. Бұл команданың алғашқы жеңісі емес. Балғын спортшылар жыл сайын облыстық, республикалық додадарда топ жарып жүр. Команда ел бойынша үздіктер қатарында. Ал спортшылардың баскетболға деген қызығушылығы зор,-дейді жаттықтырушысы. Әзизханның жасы 12-де. Балғын кішкентай кезінен бастап спорттың осы түріне әуес. Аулада немесе саябақта достарыммен доп қуалап, баскетбол ойнайтын едік.Қызығушылық содан оянды,-дейді жасөспірім. Мектепте секцияға қатысады, кейін кәсіби шұғылданбақ болып, №2ші қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне баскетбол үйірмесіне жазылады. Чемпион болуды армандайтын ол, еліміздің атын әлемге танытқысы келеді.Командада жалпы 11 бала. Жас чемпиондар алтын кубоктарын ұстап, риза. Тек тағы 2 спортшымыз ауылдарына кетіп қалды. Бірақ олар да команданың қарсыластарын жеңіп, 1-орынды жеңіп алуда өздерінің үлкен үлестерін қосты дейді достары. Балалар енді баскетболды дамытып, одан биік белестерді бағындырамыз деп отыр.
Количество показов: 324
Дата создания: 13.06.2024 05:43:13