Ақтөбеде орташа жалақы - 137 мың теңге
Орта жалақы мөлшерінің көрсеткіші бойынша батыс өңірлерінің ішінде Маңғыстау, Атырау облыстарынан кейін Ақтөбе 3-ші орында. Ал, республикалық көрсеткіш тізімінде 8-ші. Өңірдегі орташа еңбекақы 137526 теңге дегенді халық жоққа шығарды. Олардың айтуынша орташа жалақы 70 000 теңгеден аспайды және ол жеткіліксіз. Жүз мыңнан астам айлықты тек әкімшілік қызметкерлері мен басшылар ғана алады деген пікірде. Аудан бойынша ең жоғары жалақы Хромтау ауданында, 165861 теңге. Ал, ең төменгі еңбекақы Ойыл ауданында. Ондағы қызметкерлер 74194 теңге айлық алады.
Количество показов: 1307
Дата создания: 13.12.2018 18:54:33