Ақтөбеде нөсер кәріздері салынып жатыр
Аймақ басшысы бүгін Есет батыр тұрғындар алабы, 2 ші шағын ауданында болды. Мұнда салынып жатқан нөсер кәрізі желісінің құрылысымен танысты. Нысан қараша айында тапсырылуы тиіс.Жауапты мердігер «ZNS Group» серіктестігі. Жобаның құны 60 млн теңге. Ұзындығы 950 метрді құрайтын нөсер кәрізі мен жаңбыр суын тазартатын қондырғы орнатып жатыр. Дәл осы жер нұрақтөбеліктерді көктем мен күзде әуе сарсаңға салады. Өйткені, толассыз жауған жауын көшені телегей теңіз қылады. Тіпті, бұл жерде көлік қатынасы шектеліп, жүргізушушілер діттеген жеріне жете алмай жатады. Өйткені көше тосын жағдайға тосқауыл бола алмайтын күйде. Жаңбыр жауып, қар ерісе болды көшені су шаятын №2 ықшам ауданына су бұру арнасы мен жабық типтегі нөсер кәрізі қондырылмақ.Бұрын каналың аузы жіңішке және қоқысқа толып қала беретін болған. Судың ағып кетуі де проблемалы болатын дейді жауапты мердігерлер. Тамыз айында басталған жұмыс Қараша айында толықтай бітетінін хабарлады. Жалпы жабық типтегі нөсер кәрізі жер асты инженерлік коммуникацияларының тұтас кешені болып табылады. Оған жаңбыр қабылдайтын құдықтар, үлкен қоқыстарды ұстау жүйелері кіреді. Сондай-ақ, жаңбыр суларын тазарту қондырғылары орнатылмақ. Мердігер мұның бәрін 2 айдың көлемінде салып беруге уәде етті. Жабық нөсер кәрізі-жер бетінен жаңбыр суын жинауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік жүйе. Салынған каналдар арқылы аққан су Қарғалы өзеніне барып құйылады.Количество показов: 194
Дата создания: 13.09.2024 08:11:33