Ақтөбеде 20 игі іс жасалады
Сәнім Қуантаева - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбедегі департаментінде бас маман. Мемлекеттік қызметкерлердің әдебін, мемлекеттік қызметтің заң нормаларын сақтауын қадағалайды. Сәнім бүгін әріптестерімен бірге игі іс жасамаққа қан орталығына келді. Бұл оның үшінші рет донор болуы. "20 игі іс" акциясына мемлекеттік қызметшілерді департаменттің басшысы Расул Медетовтың өзі бастап әкелді. 30 шақты адам әуелі сауалнама толтырып, кейін қан сараптамасын жасатты. Ешқандай кедергі жоқ донорлар қан тапсыру бөлмесіне жіберілді. Қан орталығында қазір 586 мың 500 литр қан қоры бар. Тапшылық жоқ, дейді дәрігерлер. Дегенмен, орталық мамандарын басқа жайт алаңдатады. Донор болып, қан берген азаматтар төрт айдан кейін қайта сараптамаға қан тапсыру керек. Бірақ, көбі бұл талапты орындамай, қашып жүреді. Ақ халаттылар тұрғындардан қан тапсыру ісіне жауапкершілікпен қарауды сұрайды.
Количество показов: 1284
Дата создания: 05.06.2018 18:09:53