Ақтөбе су қоймасы автоматтандырылған жүйемен қамтамасыз етілді
БҰҰ-ы Даму жөніндегі бағдарламасының өкілдері ұсынып отырған екі жобаның бірі - Ақтөбе су қоймасындағы заманауи технология. Автоматтандырылған жүйе ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде хабарлап, деректерді жинап, өңдеп, диспетчерлік пунктке тапсыруға мүмкіндік береді. Ақпарат бір мезетте төтенше жағдайлар департаментіне, әкімдікке және су шаруашылығы мекемесіне түседі. Бөгетке қондырылған датчиктер мен индикаторлар су деңгейінің жоғарылағанын немесе қысымы артқанын ескертеді. Сөйтіп, табиғи, техногенді қатерлерді бақылай отырып, су тасқынының алдын-алуға болады. Екінші жоба Қарғалы бөгетінде жүзеге асырылмақ. Жоба бойынша, Қарғалы су қоймасында шағын су электр стансасын салу көзделеді. Сондай-ақ, бөгет жанынан жылыжай ашып, пайда табуға болады, дейді жобаның бас инженері Эрнест Гисин. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Енді бұған инвестор іздеп жатыр.
Біздің облыста қазір 11 ірі су қоймасы бар. Оның үшеуі - республика меншігінде, жетеуі - жекенің қолында, біреуі - коммуналдық суқойма. "Қазсушаруашылығы" кәсіпорыны олардың санын көбейтпек.
Количество показов: 1472
Дата создания: 09.11.2017 19:15:56
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>