"Ақтөбе"-"Ордабасы - 0:1
Алғашқы тайм ақтөбеліктер үшін сәтсіз аяқталды. Ойынның 7-ші минутында "Ордабасының" шабуылшысы Таңат Нөсербаев "Ақтөбе" қақпасына гол салды. Есеп 0:1. Алда "Ордабасы". "Ақтөбенің" қақпасын Самат Отарбаев қорғады. Төрт легионер ойын көрсетті. Екі сағаттық матч кезінде жанкүйерлер бірнеше футболшының тактикасына оң баға берді. Бірақ, "Ақтөбе" ойыншылары үмітті ақтамады. Өз алаңында "Ордабасыдан" 0:1 есебімен ұтылды. Келесі ойын 31 наурыз күні "Ертіс" командасымен болады.
Количество показов: 1819
Дата создания: 18.03.2017 19:14:16