Ақтөбе халықаралық әуежайында оқу-жаттығу өтті
Тілсіз жауды ауыздықтауға 7 арнайы техника жұмылдырылды. 4 экипаж мүшесінің үшеуі ауыр жараланған. Олар қауіпсіз жерге шығарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жөнелтілді. Бүгін осындай оқиға желісімен Ақтөбе халықаралық әуежайында оқу-жаттығу өтті. Әуе көлігіндегі төтенше жағдайларды жою мен құтқару бөлімшелерінің қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталды. Оқу-жаттығуға облыстық ТЖД бөлімшелері, азаматтық қорғау қызметтері, Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметкерлері мен өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу шарасын бақылауға келгендер оқиға орнында нақты баға бермеді. Дегенмен, әуе көлігіндегі төтенше жағдайларды жойып, алдын алуға арнайы бөлім мамандары дайын болып шықты.
Количество показов: 1131
Дата создания: 10.11.2017 18:55:24