2000 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Тіркелген жалпы қылмыстың жартысынан көбі-мүліктік қылмыс. Бөтеннің мүлкін ұрлау жиі кездеседі. Ал ұрлықтың басым бөлігі ұялы телефонға қатысты. Пәтер тонаушылар да азяар емес. Өңірімізде жасөспірімдер арасында суицид азайған. Былтыр өз-өзіне қол салмақшы болған 23 жасөспірім тіркелген. 2016 жылы бұл көрсеткіш екі есеге көп болды. Ал жол жүру ережесін бұзушылар саны азаяр емес. 13 000 адам жылдамдықты асырса, мас күйінде көлік жүргізген 3000-нан астам адам жауапкершілікке тартылған. Мас күйінде полицейлердің қолына түскен жүргізушілердің ішінде әйелдер де бар. Жол апаты салдарынан былтыр 3 жасөспірім қаза тапты. Тәртіп сақшылары былтыр "Автобус" шарасын өткізді. Қалалық жолаушы тасымалдау қызметін көрсеткен 2000-ға жуық автобус пен микроавтобус жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" заңын бұзуға қатысты 846 дерек анықталды. Көліктің техникалық ахуалын бақылау ережесін бұзғандары да бар. Темекі тарту, рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу жағдайлары да тиылмай отыр. Полицейлердің айтуынша, автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеген. Дені-"Автопарк" ЖШС-не тиесілі көліктер. "Автобус" іс-шарасы биыл да жалғаспақ. Өңірімізде крименогенді үш аудан бар. Олар-Хромтау, Қандыағаш пен Алға.
Количество показов: 1263
Дата создания: 15.01.2018 18:15:14