Өз замандасын өлтірді деп сотталып жатқан Бекназ Кеңшілікке қатысты бүгін прокурор Азамат Байболатов айыптау актісін оқыды. Сот отырысы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Қайғылы оқиға маусымның 17-інен 18-іне қараған түні болған. Облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты мен №19 орта мектептің түлектері арасындағы кикілжің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. 25-мамырда қаладағы демалыс орындарының біріндегі би алаңында Бекназ Кеңшілік Азат Дүсіповтің абайсызда аяғын басып кетеді. Прокурордың сөзінше, жасөспірімдер арасындағы араздық сол күні басталған. 17-маусым күні сотталушы Бекназ Кеңшілік Ақжар-2 ауылынан қалаға шығарда даладан пышақ тауып алған. Ол неге екені белгісіз, жиналмалы суық қаруды қалтасына салып алады. Сол күні кенеттен көшеде кездесіп қалған жасөспірімдер сөзге келіп, бір-бірін балағаттаған. Айыптау актісіндегі мәлімет бойынша, марқұм Дүсіпов Бекзат Кеңшілікті бірнеше рет ұрған. Таяқ жеген Бекзат Азатты бірнеше рет пышақтаған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша сараптама қорытындысына сәйкес ол Азат Дүсіповтің денсаулығына ауыр зиян келтірген. Және оқиға орнынан кетіп қалған. Бірнеше рет пышақ жарақатын алған Азат Дүсіпов жедел жәрдем бригадасымен балалар ауруханасына жеткізіледі. Алайда ауыр жарақаттан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ал "Алтын белгіге" үміткер Бекназ Кеңшілік өзіне тағылған айыппен бүгін келіспеді. Марқұмның ата-анасынан жылап тұрып кешірім сұрап, судьядан әділ шешім шығаруды өтінді.
Количество показов: 1186
Дата создания: 04.09.2018 17:39:10
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>