Өңір дәрігерлері КВИ-ге қатысты елдегі жағдайға алаңдай бастады
Өңірде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен тәулікте инфекцияның жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Жалпы маусым айында облыс аумағында тек екі адамнан ковид анықталды. Алайда еліміздің бірқатар аймақтарында коронавирустың өршуіне байланысты эпидемиолог дәрігерлер ақтөбеліктерді екпе алуға шақыруда. Жыл басынан бері 9 мыңға жуық ақтөбелік коронавирусқа шалдықты. Маусым айында індет тек екі адамнан анықталды. Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен эпидемиолог дәрігерлер күзге қарай ауру ушығуы мүмкін деп болжап отыр. Сондықтан, өңір тұрғындарына Ковидке қарсы екпе алуға кеңес береді.
Қазір өңірдің емханаларында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Екпе кабинеттері QazVac, Спутник V, Sinovac, Pfizer, Comernaty, Hayat вакциналарымен қамтылған. Былтырдан бері облыс тұрғындарының 77%-ы коронавирусқа қарсы екпенің 3 кезеңімен қамтылды. Дәрігерлер екпе алғандардың көрсеткіші 100%-ға жетсе індетке толыққанды төтеп бере аламыз, дейді.
Количество показов: 210
Дата создания: 01.07.2022 19:38:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>