"Әлия" қыздар волейбол командасы Түркістан шахарында
Хромтаулық "Әлия" қыздар волейбол командасы ел біріншілігінде облысымыздың намысын қорғады. 11-12 жас санатындағы қыздар арасындағы жарыс Түркістан қаласында өтті. Тартысты ойын көрсеткен балғындар кейін тарихи қаланы аралап, мавзолейлерде болды. Айта кетейік, сапарды балалар үшін Ақтөбе мыс компаниясы ұйымдастырды.Шаршағандық әрі республикалық біріншіліктегі дебюттің алдында қобалжу әсер етті ме, хромтаулық қыздар бірінші Маңғыстаудың “Жаңаөзен” командасына есе жіберіп қойды. Келесі қарсылас Қызылорда облысының құрамасы. Матч алдындағы қыздырыну, жаттықтырушы Дәурен Мулдашевтің кеңестерін алып, ойыншылар алаңға шықты.
Чемпионатқа қатысушы барлық 19 команда жеребеде 4 топқа бөлінді. Хромтаулық “Әлия” командасы Маңғыстау, Қызылорда, Астана, Түркістан секілді мықты командалармен бір топқа түсті.
Былтыр біздің облыстың құрамасы осы чемпионатта жеңіске жетуі себепті, Ақтөбе биылғы біріншілікке 3 командамен келуге мүмкіндік алды. Ал 3 жолдаманың бірі аудандар арасында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген хромтаулық “Әлия” командасына бұйырды.
Балалар Астана және жарыс қожайындары Түркістан командаларына да лайықты қарсылас бола білді. Жеңіліс жігерлерін жасытпады. Керісінше азулы құрамалармен кездесіп, өздеріне тәжірибе жинағандарына, алар асулары әлі алда екеніне қуанышты.
Количество показов: 169
Дата создания: 12.11.2024 08:02:36