|
Журналист-халықтың адамы болғандықтан, тәуліктің қай кезі болмасын, тіпті ауа-райына да қарамастан жұмысқа дайын тұруы тиіс. Бұл-менің мамандығым. Нағыз журналист, меніңше жан-жақты әрі талдау жасай алатын адам. Журналистика мамандығын 2006-жылы тәмамдап, Рика телекомпаниясына жұмысқа тұрдым. Кейін облыстық арнада 6 жыл жұмыс істедім. Радио саласында да тәжірибем бар. «Ақтөбе радиосында» қызмет етіп жүріп, тікелей эфирдің қыр-сырын меңгеруге тырыстым. Енді , міне Рика теле арнасының ақпараттар бөлімінің тілшісімін. |