- Мен 2006 жылы алгаш рет радиосына жүргізуші болып кызметке орналастым. Ол кезде 3 курс студенті едім. Сабағымды оқи жүріп жұмыс жасадым. 1 жылдан соң «Ақтөбе радиосына» ауыстым.Онда мен 2 жылдай уақыт журналист болып еңбек еттім. Алайда 2009 жылы өзімді басқа салада сынап көргім келіп радиодан өз еркіммен қызметтен кеттім. Содан кейін 2010 жылдың басында «Рика» телеарнасынан ұсыныс түсті. «Сазды сәлем» бағдарласмасы ашылғалы жатқан тұста сол бағдарламаның жүргізушілерінің бірі болуға. Мен келісімімді бердім. Содан 2010 жылы ақпан айының 8-і күні алғаш телеарнада тікелей эфирде бағдарлама жүргіздім. Ал қазіргі таңда аталмыш бағдарламамен қоса «Арайлы тан» бағдарламасының да жүргізушісі болып табыламын.
-
Мен үшін эфир-рухани азық. Аз уақыт эфир жүргізбей қалсам бейне бір бірдеңе жетіспей тұрғандай сезінем өзімді.Әрбір эфирден ләззат алам!
-