Білім мен ақылды талғайтын мамандықта туыс пен бауыр, таныс деген ұғым жоқ. Журналистикаға келген әр тілші өз күшімен еңбек етеді. Себебі, ешкім сенің орныңа сұхбат алмайды, жазбайды, эфирден сөйлемейді. Бірегей мамандықта шыдамдылар мен нағыз жанашырлар жүреді деп есептеймін. Әр күні ерек, оқиғалы өмірді таңдағаныма өкінбеймін. Алдымен газетте, кейін телевидение саласында еңбек еттім. Қазір екі салада қатар еңбектеніп жүрмін. "Рика" телеарнасының "Тәулік" ақпараттық бағдарламасы жаңалықты жан-жақты жеткізуге, әр тараптың пікірін тыңдап, анығын айқындауға бағытталған. Сол үшін де бұл арнаның көрермені көп. Әділдік іздегендер, көмекке мұқтаж жандар тілшілерден араша сұрайды. Журналистер болса әрдайым көрерменнің жанынан табылуға күш салады. |